Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО бойынша ҚАЖД-да ерлер арасында волейболдан турнир өтті

Тұңғыш Президент күніне арналған волейболдан турнир ШҚО-да өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскеменде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінде ерлер арасында волейболдан турнир өтті.

Спорттық шара басталар алдында ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Мақсат Сейтахметов қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

– Облыстағы колониялар арасында волейболдан жарыстар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жыл сайын өткізіледі және Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің беделін арттыруға, волейболды кеңінен насихаттауға және дамытуға ықпал етеді. Волейбол – бұл командалық спорт, ал жарыстарға қатысу нәтижесі команда мүшелерінің ұжымдық күш-жігерінің нәтижесі, – деді Мақсат Маратұлы.

Жарыс Шығыс Қазақстан облысындағы ОВ 156/22 ҚАЖД спорт алаңында өтіп, оған бес команда қатысты. Әрбір ойын қызықты болды, қатысушылар дәл және күшті арналарды қолдана отырып, қателіктерден аулақ болуға тырысты. ОВ 156/1, ОВ 156/2, ОВ 156/3, ОВ 156/20 және ОВ 156/22 командаларының ойыншылары ымырасыз мінез көрсетті.

Бес команда арасындағы тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша үздіктер мен мықтылар анықталды. Бірінші орынды ҚАЖ департаментінің құрама командасы, екінші орынды ОВ 156/2 командасы құрметпен, ал қола 156/20 мекеменің комндасына бұйырды.

Ойын қорытындысы бойынша үздік командалар мен ойыншылар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқауға қатысушылар елдегі айтулы мереке қарсаңында өздерінің  жағымды эмоцияларымен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру