Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда телефон ұрысы бейнебақылау камерасына түсіп қалды

Алматыда телефон ұрысы бейнебақылау камерасына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселе бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінген 25 жастағы Н.есімді ер адам жайында.

– Бес күн ішінде жас жігіт үш рет ұялы телефондарды ұрлады. Қаскөй көшелерде, адамдар көп жиналатын жерлерде, сауда орталықтарында жүрген. Оның іс-әрекеті бірнеше рет бейнекамераға түсті. Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Белгілі болғандай, ол ұрлықтың біреуін көшеде жасаған: жәбірленушінің қалтасынан IPhone 12 PRO маркалы ұялы телефонын ұрлаған. Тағы бір ұрлық СҮ жасалған: жігіт сөреден Huawei ұялы телефонын ұрлап кеткен. Ұсталған азамат бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотталған, – дейді Жетісу аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Асхат Дәулетияров.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, бірнеше қылмысқа қатыстылығын растады. Барлық фактілер бір өндіріске біріктірілген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру