Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда шахматшы полицей "Senat Open" турнирінде жеңіске жетті

Қарағандыда өткен "Senat Open" ашық шахмат турнирінде ІІО Саят Сатанов топ жарып, бірінші орынды иеленді. Зияткерлік додаға 196 қатысушы қатысып, өзара мықтыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағандыда Қазақстан Республикасы Парламентінің бастамасымен өткен "Senat Open" ашық шахмат турнирі мәресіне жетті. Ауқымды зияткерлік додаға 196 қатысушы жиналып, әрқайсысы өз шеберлігін сынға салды.

Турнирдің басты сенсациясы – полиция өкілі, Қазыбек би атындағы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Саят Сатанов болды. Ол жоғары шеберлігі, сабырлығы және дәл есепке құрылған тактикасының арқасында барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, бірінші орынды иеленді.

Саят Сатанов ішкі істер органдарындағы қызметін 2006 жылы тергеуші ретінде бастаған. Әріптестерінің айтуынша, оның аналитикалық ойлау қабілеті тек шахмат тақтасында ғана емес, күнделікті қызметінде де нәтижелі жұмыс істеуіне ықпал етеді.

– Бос уақытымда белсенді демалысты, әсіресе футболды ұнатамын. Дегенмен шахмат маған ерекше серпін беріп, стратегиялық ойлауды дамытады. Бұл – біздің қызметіміз үшін аса маңызды, – дейді жеңімпаз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру