Атырауда көлігіне ксенон орнатқан 130-дан астам жүргізуші анықталды
Атырауда көлігіне ксенон орнатқан 130-дан астам жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласының аумағында 1-17 ақпан аралығында патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралдарына Led-ксенон жарық шамдарын орнатып жүргізген 130-дан астам жүргізушіні анықтады.
Мәселен, 17 ақпан күні сағат 09:27 шамасында Қабдолов көшесі бойында патрульдік полиция қызметкерлерімен Toyota Highlander көлігі тоқтатылды. Тексеріс кезінде аталған көліктің 32 жастағы жүргізушісі көлік құралдарына Led-ксенон жарық шамдарын орнатып жүргізгені анықталды.
32 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама жасақталып,15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Одан басқа, 17 ақпан күні сағат 09:18 шамасында Тайманов көше бойында патрульдік полиция қызметкерлерімен Toyota Camry көлігі тоқтатылды. Тексеріс кезінде аталған көліктің 33 жастағы жүргізушісі көлік құралдарына Led-ксенон жарық шамдарын орнатып жүргізгені анықталды.
33 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама жасақталып, 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды.