Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО тұрғынының бағалы заттарын тартып алған ер адам ұсталды

БҚО тұрғынын қорқытып, көлігін, телефонын және ақшасын тартып алған қарақшы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға 39 жастағы тұрғын арызданған. Ол өзіне белгісіз біреудің қоқан-лоққы көрсетіп, бағалы заттарын тартып алғанын айтқан. Сондай-ақ, күдікті жәбірленушінің Subaru Outback көлігін айдап әкеткен.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 7 500 000 теңгені құрады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында 37 жастағы ер адам ұсталды. Көлік иесіне қайтарылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру