Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда күзетші болып жұмыс істейтін азамат есірткі тасымалдаған

Атырауда күзетші болып жұмыс істейтін азамат есірткі тасымалдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қараша күні Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде қала аумағында жасырын қойып кету әдісі арқылы есірткі заттарын сақтаған деген күдікпен Жайық өзені жағасында 41 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тексеру кезінде күдіктінің сырт киімінен және тіркелген мекенжайынан қара изолентаға оралған 15 орама есірткі және қала аумағында күдікті жасырған 4 орамадағы есірткі табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар тексеру барысында күдіктінің қала аумағындағы мекемелердің бірінде күзетші болып жұмыс істеп, жұмыстан бос кезінде синтетикалық есірткіні жасырын қойып кету арқылы пайда таппақ болғаны анықталды. Сараптамаға сәйкес тәркіленген заттар 80-нен астам доза болатын 25,10 грамм мефедрон синтетикалық есірткісі екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру