Шымкент полициясы жезөкшелік қызмет ұсынған 24 сайтты бұғаттады
Шымкент полициясы жезөкшелік қызмет ұсынған 24 сайтты бұғаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жеңіл жүрісті қыздар өз қызметін ұсынған интернет-сайттарды ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері “STOP-трафик” профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады. Олар “Кибернадзор” бағдарламасының көмегімен бұғатталды.
Үш күннің қорытындысы бойынша полицейлер жезөкшелікпен айналысқан 52 азамат пен 2 жеңгетайды полиция басқармасына жеткізді.
Сонымен қатар шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша қоғамдық орындарда тиіскені үшін 22 адам жауапқа тартылды. Осы кодекстің 450-бабы бойынша жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысу үшін жалға үй-жай берген 9 адамға айыппұл салынды.