Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда мал мен ет өнімдерін құжатсыз тасымалдап, сатқан 11 тұлға жауапқа тартылды

Атырауда бір күнде мал мен ет өнімдерін құжатсыз тасымалдап, сатқан 11 тұлға жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы аумағында 27-29 қараша күндері аралығында мал ұрлығының алдын алу және ашу, оларды жасаумен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Жедел-профилактикалық іс-шараның бір күнінде мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 46 автокөлік және ет өнімдерін сататын 30 базар, 70 шаруа қожалығы тексерілді. Шалғайдағы учаскелерді, қыстақтарды және ұжымдық шаруа қожалықтарына тексеру жүргізу арқылы бір аңшылық атыс қаруы тәркіленіп, қару иелеріне азаматтық, қызметтік қаруды, оның
оқтарын сатып алу, сақтау, пайдалану және тасымалдау бөлігін бұзғаны үшін 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақталып, 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 51750 теңге айыппұл салынды.

Мал мен ет өнімдерін құжатсыз тасымалдаудың – 8, ал мал мен ет өнімдерін құжатсыз сатудың 3 фактісі анықталып, 11 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабына сай әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 379 500 теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ, іс-шара барысында ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюдың 64 фактісі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сай әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 64 тұлғаға қатысты 331 200 теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру