Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда мектептің мүлкі ұрланды

Атырау облысының полицейлері мектеп мүлкін жымқырған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Құрманғазы аудандық полиция бөліміне аудандық мектептердің бірінің директорынан мектепте ұрлық фактісі орын алғаны жөнінде арыз келіп түсті. Оның айтуынша, белгісіз біреулер мамыр-тамыз аралығында мектептен екі дана "ACER" ноутбугі мен бір дана проектор құрылғысын ұрланған.

Полиция қызметкерлерімен жедел- іс шара барысында мектепке тиесілі техникалық құралдарды жымқырған күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол 1996 жылы туған қала тұрғыны болып шықты.

Күдіктіге "ешқайда кетпеу және өзін- өзі дұрыс ұстау" шарасы санкцияланып, айғақ заттар тәркіленіп алынды.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 188 бабының 1-бөлігімен жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру