Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері мектептің шатырына шығып кеткен тұрғынды дер кезінде түсіріп алды

Түркістан облысының полицейлері мектептің шатырына шығып кеткен тұрғынды дер кезінде түсіріп, аман алып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғындардан Сарыағаш қаласында орналасқан мектептің бірінің шатырына белгісіз азаматтың шығып алып, түспей жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Ақпарат алысымен Сарыағаш АПБ ЖПҚ-нің учаскелік полиция инспекторлары Мұрат Төлегенов пен Қуаныш Серікбаев оқиға орын алған жерге жетті.

Жедел жеткен полицейлер тұрғынды қауіпсіз жерге түсірудің жолдарын қарастырды. Оның ішінде полицей Мұрат Төлегенов жылдам әрекет етіп, мектептің шатырына шығады. Осылайша Мұрат ер азаматтың қарсылық танытқанына қарамастан, оны аман-есен төменге түсірді.

Тергеу барысында анықталғандай, туыс ағалары оны емге алып бара жатқан. Осы сәтте 34 жастағы ер адам, ағаларына бағынбай көліктен шығып, қаша жөнелген. Содан бірінші үйдің шатырына мініп, одан кейін оның жанындағы мектептің шатырына шыққаны белгілі болды.
Өз кезегінде қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарып, адам өмірін сақтап қалған полицейлерге туыстары алғыстарын жеткізді.

– Полиция қызметкерінің де өміріне қауіп төнді. Бірақ ол соған қарамастан біздің жақынымызды құтқарып қалды. Жоғарыға шығып, денсаулығы жоқ бауырымызды, қарсылығына қарамастан амандықпен бізбен қауыштырды. Үлкен алғысымызды айтамыз. Оның да отбасы бар шығар, балалары аман болсын. Рахмет, – деп туыстары алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру