Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда микронесие ұйымының кеңсесіне жасалған қарақшылық ашылды

Атыраулық полицейлер микронесие ұйымының кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады,  – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 наурыз күні сағат 10:45 шамасында “102” операторына Атырау қаласы Вокзал маңы ықшам ауданында орналасқан микронесие ұйымының кассирі медициналық бетперде киген белгісіз біреудің 10:30 шамасында пышақпен қорқытып, кассадағы 400 000 теңгені алып кеткені туралы хабарлама берген. Полиция департаментінің қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 25 жастағы жігітті ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 1-бөлігі (Қарақшылық) бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру