Атырауда наубайханада құжатсыз жұмыс істеген 3 шетелдік анықталды
Атырауда наубайханада құжатсыз жұмыс істеген 3 шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қазан күні Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Атырау мөлтек ауданында орналасқан наубайханада жұмыс істеп жүрген алты өзбек азаматын анықтады.
Тексеру барысында үш шетелдіктің жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ екендігі белгілі болды.
Сол себепті аталған Өзбекстан Республикасының азаматтары Атырау қаласы Полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына орналастырылып, жинақталған іс-құжаттар көші-қон қызметі бөліміне және Атырау қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданды.