Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы өтті

Атырау полицейлері жылдағы дәстүрмен жаңа оқу жылының алғашқы күндері «Назар аударыңыз, балалар!» акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде қалада да, ауылда да үлкен көшелер мен жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.

Жол-көлік оқиғаларының зардабынан балалар да зардап шегеді. Оның себебі, көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса жетік білмейді. Атырау полицейлері жылдағы дәстүрмен жаңа оқу жылының алғашқы күндері «Назар аударыңыз, балалар!» акциясын өткізді.
Аталмыш акция мақсаты – көшелер мен жолдарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Бүгінгі таңда Атырау облысының аумағында 196 (қала аумағында 61) жалпы білім беретін мектеп бар. Өткізілген акция аясында мектеп инспекторлары патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге жаяу жүргіншілер өткелдерінде, сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептердің жақын маңайларында жол көлік оқиғаларының жолын кесу, сондай-ақ жұртшылықтың, оның ішінде көлік жүргізушілердің назарын осы мәселеге аудару.

Акция барысында, карантиндік шектеулерді сақтап, 1- 4 бастауыш сынып
оқушылары арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша мектеп инспекторлары дәрістер өткізеді. Өз ретінде полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларды жолда жүру ережесімен таныстырып, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге, жол ережесінің белгілерімен жүруге үйрету керектігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру