Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ас бөлмесінен телефон ұрлаған ер адам анықталды

Қызылордалық полицейлер ізін суытпай ұялы телефон ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше күн бұрын Жаңақорған ауданының тұрғыны өзінің үйінің ас бөлмесінде үстел үстінде тұрған ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсетіп полицияға арызданған.

Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәулік ішінде ізін суытпай күдікті азамат ұсталды. Ол Байкенже ауылының тұрғыны болып шықты. Күдіктіден ұрланған ұялы телефон айғақ зат ретінде алынды.

Қазіргі таңда оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру