Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер өртке оранған үйден тұрғындарды алып шықты

Атырауда полицейлер өртке оранған үйден тұрғындарды алып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қазан күні сағат 02:25 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Исатай Тұрсынғалиев және Әділбек Темірболатов қызмет атқару барысында Жансүгіров көшесінде орналасқан №42 үйден түтін шығып, шатыры өртеніп жатқандығын байқап, аталған үйдің тұрғындарын және сол маңдағы үйлердің тұрғындарын оятып, далаға шығарған.

– Өрт пен су – тілсіз жау, айтып келмейтін апаттар. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығы осы қызметтегі басты міндетім. Сондықтан өртке оранған үйден тұрғындарды эвакуациялағанымызды ерлік деп есептемеймін, ешкімнің зардап шекпегеніне қуанамын, – деді Исатай Тұрсынғалиев

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру