Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полиция “синтетика” сатпақ болған күдіктілердің жолын кесті

Атырауда полиция “синтетика” сатпақ болған күдіктілердің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 1 келіден астам синтетикалық есірткіні сатпақ болған 2 күдіктіні ұстады.

21 және 25 жастағы екі күдікті Тараз қаласынан Атырауға есірткі сатуға келген. Олардың тұрғын жайын тексеру кезінде 1 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Сондай-ақ Атырау қаласы аумағында сату үшін жасырын тыққан 300-ден астам орамға оралған синтетикалық есірткі табылды.

Қазіргі таңда есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер УҰИ-ға қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру