Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда пробация қызметінің есебінде тұрған көпбалалы анаға үй берілді

Атыраулық пробация қызметкерлері еріктілермен бірге есепте тұрған сотталған  көпбалалы әйелге үй сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қалалық пробация қызметі «Харекет» қайырымдылық қорымен бірге өздерінің есебінде тұрған сотталған көпбалалы әйелге төрт бөлмелі үй алып берді. Көптен күткен баспананың кілтін облыстық пробация қызметінің бастығы Нұрлан Қаболов табыстады.

Пробация қызметінің мәліметіне сәйкес  35 жастағы алты баласы бар жалғызбасты әйел ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотталған. Сондай-ақ ІІІ топ мүгедегі ретінде есепте тұр.

– Әр адам қателік жасайды. Бірақ жасаған қателіктеріне қарамай, біз оларға қол ұшын созуымыз керек. Осы азаматшаның кәмелетке толмаған балаларымен қиын жағдайда өмір сүріп жатқанын көріп, қайырымдылық қорларымен байланысып, «Харекет» қайырымдылық қорының еріктілерімен бірге төрт бөлмелі үй алдық. Осы игі іске қолдау көрсеткен барша мейірімді жандарға алғысымыз шексіз, – дейді пробация қызметінің инспекторы Жарқынай Бақтиярова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру