Атырауда қайыр сұраумен айналысатын 50-ден астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Атырау қаласында қоғамдық орындарда қайыр сұраумен айналысатын 50-ден астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласының аумағында учаскелік полиция инспекторлары қоғамдық орындарда қайыр сұраумен айналысатындарды анықтау, жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Мысалы, 16 наурыз күні сағат 21:00 шамасында Ақсай селосы Тайманов көшесінде 1962 жылы туған қала тұрғынының қоғамдық орында қайыршылықпен айналысқаны анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігімен (Қоғамдық орындарда тиісу) әкімшілік хаттама толтырылып, бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Жыл басынан бері Атырау қаласының аумағында қайыршылықпен айналысатын 50-ден астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.