Атырауда қоғамдық орында мас күйде жүрген 50-ге жуық адам жауапқа тартылды
Атырауда ”Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қоғамдық орында мас күйде жүрген 50-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара кезінде бір аптаның ішінде қоғамдық орындарда масаң күйде жүрген 50-ге жуық адам анықталып, олардың әрқайсысы ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мысалы, 5 қыркүйек күні сағат 11:00 шамасында учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақты аралау барысында Тайманов көшесінің бойынан 41 жастағы қала тұрғынының қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкен күйде жүргенін анықтаған.
Медициналық сараптаманың қорытындысымен 45 жастағы ер адамның орта дәрежелі мас күйінде екендігі белгілі болып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігімен (Қоғамдық орында адамның қадір-қасиетіне және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйінде жүру немесе алкогольдік ішімдік ішу) әкімшілік хаттама жасақталып, 7292 теңге көлемінде айыппұл салынды.