Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Қарағанды ​​академиясында зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

ІІМ Қарағанды ​​академиясында жыныстық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы әрекет ету мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Қарағанды ​​академиясы Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілдері үшін ұйымдастырылған жыныстық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оған қарсы әрекет ету саласында тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру үшін диалогтік және білім беру алаңы болды.

Бұл кездесу Орталық Азияға арналған “Жарық сәуле” аймақтық бағдарламасы және БҰҰ Қырғызстан мен Қазақстандағы кеңселері аясында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қолдауымен өтті.

Іс-шара аясында қазақстандық сарапшылар полиция қызметкерлерін жыныстық және тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларына ден қоюға үйрету бойынша Оңтүстік Корея әдістемесін енгізу мен бейімдеудегі Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті.

Олар осы құбылыспен күресу үшін қазақстандық заңнаманы әзірлеуді, қорғаныс бұйрықтарын қолдану практикасын, осы мәселеге маманданған бөлімшелердің жұмыс ерекшеліктерін талқылады.

Зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетудегі дағдарыс орталықтары мен қоғамдық үкіметтік емес ұйымдардың рөлі, сондай-ақ осы бағыттағы ынтымақтастықтың негізгі механизмдері мен алгоритмдері көрсетілген.

Кездесу нәтижесінде делегация өкілдері Ішкі істер министрлігінің тәжірибесімен және ІІМ Қарағанды ​​академиясының жұмысындағы жаңашылдықтарына қызығушылық танытты. Олар сондай-ақ екі елдің ведомстволық оқу орындары арасындағы ғылыми алмасу және оқу үдерісін жетілдіру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту бастамасымен шықты.

Еске сала кетейік, биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша министрлік әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің құрамын кеңейту бойынша бірқатар шаралар қабылдады. Мұндағы басты тұлға – тергеуші әйел және оның арнайы дайындығы.

ІІМ Қарағанды ​​академиясында курсанттардың шамамен 30%-ы қыздар. Қазірдің өзінде оларды оқытудың векторы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы қылмыстық істерді тергеуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру