Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері жаяу жүргіншіден көкнәрды тәркіледі

Түркістан полицейлері жаяу жүргіншіден көкнәрды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ кезекші бөліміне Сарыағаш АПБ ЖПҚ УПИ полицей Берік Палхожаевтан хабарлама келіп түсті. Онда “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы барысында, Сарыағаш ауданы Жемісті ауылы көшелерінің бірінде күдік тудырған жаяу жүргіншіні көріп тоқтатады.

Содан полицейлер азаматтан жеке басын анықтайтын құжатын сұраған.
Алайда ер адам жеке куәліктерін көрсете алмаған. Сондай-ақ полицейлер тексеру барысында, күдіктінің шалбарының қалтасынан пакетке оралған жасыл түсті шөпті байқайды. Сарыағаштық полицейлер алынған жасыл түсті шөпті сараптамаға жолдады. Сараптама нәтижесі бойынша алынған өсімдік хош иісі бар көкнәр болып шықты. Салмағы 2 грамға жуық.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру