Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда қойма меңгерушісі мекемеге 2 млн теңгеден астам залал келтірді

Атырауда қойма меңгерушісі мекемеге 2 миллион теңгеден астам залал келтірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда ер адам өзі жұмыс жасайтын мекемеге тиесілі 50 дана қысқы мезгілге арналған күртеше және 20 дана комбинезондарды қолды еткен. Бұл туралы Атырау қаласы Полиция басқармасына арыз келіп түсті.

Тексеру кезінде ол Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты. Аталған мекемеде қойма меңгерушісі болып істейді. Мекемеге келтірілген залал құны 2 380 000 теңге.

Қазіргі уақытта 38 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру