Бір түнде Семейде екі мас жүргізуші ұсталды
Бір түнде Семейде екі мас жүргізуші ұсталды. Екеуі де УҰИ-ға қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ішкі істер органдарының алдына қойылған басым міндеттердің бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан жұмыс аясында мас күйінде көлік құралдарын басқару фактілерін анықтауға және жолын кесуге ерекше назар аударылады, өйткені бұл көптеген жол-көлік оқиғаларының басты себебі болып табылады.
Өткен түнде, ағымдағы жылғы 25-26 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Семей қаласында автокөлік жолдарымен мас күйінде жүрген екі жүргізушіні ұстады. Бір қызығы, олардың екеуі де бұрын осындай құқық бұзушылықтар үшін сот жүргізуші куәлігінен айырылған. Алайда, сот шешімі жүргізушілерге кедергі болмаған сынды, себебі жүргізушілер өзге жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіре отырып, қайта мас күйінде рөлге отырған.
Бірінші жағдайда мас жүргізуші «Лада» маркалы көлікті басқарған 34 жастағы ер адам болып шықты, ол 2019 жылы үш жыл мерзімге басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Екінші жағдайда – 33 жастағы ер адам «Тойота» маркалы автокөлігін басқарған жүргізуші 2019 жылы басқару құқығынан бес жыл мерзімге айырылғаны мәлім болды.
Жүргізілген сот-медициналық куәландыру олардың жеңіл және орта дәрежедегі алкогольдік масаңдықты көрсетті.
ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей:
– Екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған адамдардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша сараланады және қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес олар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Ағымдағы жылдың басынан бері полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 1700-ден астам жүргізуші ұсталды, олардың 125-і бұрын сотпен осындай құқық бұзушылықтар үшін жүргізуші құқығынан айырған.