Атырауда шекараны қасақана бұзған Өзбекстанның екі азаматы анықталды
Атырауда шекараны қасақана бұзған Өзбекстанның екі азаматы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау полицейлері қала аумағында мемлекеттік шекараны қасақана бұзған екі бірдей өзбек азаматтарын анықтады. Олардың бірі 2015 жылдан Өзбекстан Республикасы ҚК-нің 223-бабы 2-бөлімімен тіркелген қылмыстық іс бойынша заңсыз шекарадан өткені үшін іздестірілуде жүрген. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, 27 жастағы өзбек азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Енді бірі осыдан бір жыл бұрын ҚР аумағынан тыс шығарылған. Соған қарамастан ол өзінің аты-жөнін өзгертіп, шекараны қасақана кесіп өткен. Полиция қызметкерлерімен ұсталған 30 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.