Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында мұнай компаниясының қызметкерлері ұңғымадан кабель ұрлады

Ақтөбе облысында мұнай компаниясының қызметкерлері ұңғымадан кабель ұрлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 шілдеде Ембі аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне түнгі уақытта белгісіз адамдар терезе арқылы Мұғалжар ауданының “Жаңажол” кен орнындағы ұңғымадағы кешенді-тарату құрылғысындағы мұнай компаниясына тиесілі ұзындығы 126 метр мыс кабельді ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Ембі полиция бөлімінің қызметкерлері іс-шаралар кешенін жүргізу барысында мұнай компаниясының екі қызметкерін және бір жергілікті тұрғынды ұстады.

Күдіктілерден ұрланған кабель тәркіленді. Ұрлық фактісі негізінде ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы бойынша мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру