Атырауда төленбеген айыппұлдары бар екі азаматтың көлігі айыптұраққа қойылды
Атырауда 2 млн теңгеге жуық төленбеген айыппұлы бар екі жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қазан күні сағат 16:20 шамасында Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі арқылы Ваз және Audi автокөлігін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Полицейлер автокөліктерді қала аумағында тоқтатты.
Тексеру кезінде Ваз автокөлігінің 900 мың теңгені құрайтын 34 айыппұлы және Audi автокөлігінің 1 млн 138 мың теңгені құрайтын 28 айыппұлы бар екені анықталды. Жүргізушілерге тиісті іс-шаралары қолданылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Осы ретте Атырау полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды мерзімінен кешіктірмей өтеу керегін ескертеді.