Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада учаскелік полиция инспекторы инсульт алған зейнеткерге көмек көрсетті

Ақмолада учаскелік полиция инспекторы инсульт алған зейнеткерге көмек көрсетті, , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 28 қазанда Атбасар қаласында болған. Учаскелік полиция инспекторы Руслан Кравцуновқа кешкі уақытта оның учаскесінде тұратын азаматтар қоңырау шалып, қарт туысы тұрған пәтерге кіруге көмектесуін сұраған. Көрсетілген мекен-жайға дереу келген полиция қызметкері 1-қабатта тұратын жалғыз зейнеткердің инсульт алғанын білді, бірақ есік ішінен құлыптаулы болды.

Дабыл қаққан туыстары жедел жәрдем станциясына қоңырау шалған, бірақ есікті ашатын құтқару бригадасын күту керек болды. Әр минуттың құндылығын түсінген Руслан ойланбастан терезенің әйнегін сындырып, пәтерге өзі кірген. Осы кезде дәрігерлер бригадасы келіп, олар үйге кедергісіз кіріп, зейнеткерге көмек көрсетті.

Ризашылық білдірген туыстары учаскелік инспектордың жедел іс-қимылын жеке атап өтіп, зейнеткерді құтқаруға қатысқандардың атына алғыс сөздерімен бейнеөтініш жазды. Бейне әлеуметтік желілерде жарияланды, ал Атбасар қаласының тұрғындары өздерінің түсініктемелерінде өздерінің учаскелік полиция инспекторымен мақтанатындықтарын, әрқашан көмекке келуге дайын екендіктерін атап өтті.

Айта кету керек, Руслан Кравцунов үшін бұл жалғыз басты зейнеткерлерге көмек көрсетудің бірінші жағдайы емес. Осыдан бірнеше ай бұрын, ақмолалықтар ғана емес, бүкіл елдің тұрғындары да ауырып қалған әженің пәтеріне кіру үшін үшінші қабаттың балконына көтерілген Русланның жанқиярлық әрекетін талқылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру