Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында биыл жасөспірімдердің қатысуымен 92 қылмыс тіркелді

Ақтөбе облысында биыл жасөспірімдердің қатысуымен 92 қылмыс тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыста барлығы 41 колледж және 4 жоғары оқу орны болса, олардың барлығына Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен жауапты полиция қызметкерлері бекітілген.

Жауаптылар басшылық лауазымдағы тұлғалар қатарынан тағайындалып, олар әр оқу орнының учаскелік полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторларымен бірге қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен айналысады.

Осы мақсатта 30 қазанда полицейлер, оның ішінде оқу орындарына бекітілген жауапты басшылар өңірдегі барлық колледждер мен ЖОО студенттерімен кездесулер өткізді. Ақтөбе қаласымен қатар, барлық аудандарда өткен кездесу барысында қазіргі уақытта қоғамда жастар арасында таралған қылмыс түрлері кеңінен талқыланып, алдын алу жолдары туралы сөз қозғалды.

Мысалы, осы жылдың 9 айында облыста кәмелетке толмағандармен 92 қылмыс жасалса, оның ішінде 52 қылмысты колледждің, 1 қылмысты ЖОО студенттері жасаған.

Жасөспірімдерді әлеуметтік желілер арқылы синтетикалық есірткі таратуға қолдану және оның зардаптары, нашақорлықтың зияны, лудомания, буллинг мәселелері, жол қозғалысы ережелерін сақтау сынды өзекті мәселелер де полицейлердің басты назарында болып, бұл мәселелер студент жастармен бірге қызу талқыланды.

Сонымен қатар студенттерге профилактикалық сипаттағы бейнероликтер көрсетіле отырып, олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Сондай-ақ жастар лауазымды тұлғаларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру