Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жеткіншектер арасында есірткіге қарсы футболдан жарыс өтті

Шымкентте жеткіншектер арасында есірткіге қарсы футболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, болашақ ұрпақтың дені сау болып өсуін, зиянды әдеттерге бет бұрмауының алдын алу мақсатында, кіші футболдан жарыс өткізілді.

Аталған іс-шараға Шымкент қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Карбеков қатысты.

Ол өз сөзінде жас спортшыларды осы бағыттан тайынбауды, зиянды заттарға жоламауды, ұдайы спортпен шұғылданып, еліміздің туын әлемдік деңгейде асқақтатуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру