Ақмола облысында қараусыз жүрген жылқылардың иесі жауапқа тартылды
Полицейлер Ақмола облысының ауылында еркін жүрген жылқы иесін жауапқа тартты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғын Талапкер ауылында еркін жүрген жылқылардың видеосын жариялады. Әйелдің айтуынша, жануарлар жолда қауіп төндіруі, апат тудыруы, сондай-ақ көшелерді ластауы мүмкін.
Полицейлер ақпаратты тексеріп, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеді. Онда ер адам жылқыларды негізгі жолмен айдап бара жатқан.
29 қыркүйекте түнгі сағат 3 шамасында Талапкер ауылының Достық көшесінде алты жылқы тиісті қараусыз қалғаны анықталды.
Белгілі болғандай, оларды бағумен айналысқан адам түнде жануарларын жоғалтып алған. Ол жылқыларды іздеп жүргенде, олар елді мекенге кіріп кеткен.
Полиция қызметкерлері ер адамға қатысты ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және ұстау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама құрды. Сондай-ақ онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, малды ұстау және жаю ережелерін сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Полицейлер ауылшаруашылық жануарларының иелерін малды қараусыз қалдырмауға шақырады және тұрғындарға мұндай жағдайлар туралы уақтылы хабарлаудың маңыздылығын ескертеді. Азаматтардың өтініштерінің арқасында құқық қорғау органдары бұзушылықтарға жедел әрекет ете алады және ықтимал оқиғалардың алдын алады.
