Атырауда туысының 11 мың АҚШ долларын ұрлаған күдікті ұсталды
Атырауда туысының 11 мың АҚШ долларын ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
26 жастағы күдікті Атырау қаласы Балауса ықшам ауданында тұратын туысының қаражатын жымқырған. Ол 58 жастағы туысына тиесілі 30 мың АҚШ доллар ақшасын көріп, сол ақшаның ішінен 11 мың АҚШ долларын ұрлап алған.
Анықталғандай, күдікті 8 мың АҚШ долларын үй ішіндегі әжетханаға тығып, ал 3 мың АҚШ долларын алып, оқиға болған жерден бой тасалап, қашып кеткен. Күдікті анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағы (Ұрлық) бойынша тергелген іс сотқа жолданды.