Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда үйдің төбесіне мас күйде шыққан 17 жастағы жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

Атырауда құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің төбесіне мас күйде шыққан 17 жастағы жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 маусым күні Қалалық полиция бөлімінің Кезекші бөлімшесіне Атырау қаласы Огородная көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің төбесінде белгісіз жасөспірім бала жүргені туралы хабарлама түсті. Хабарлама бойынша тексеріс кезінде иесіз тұрған екі қабатты үйдің жоғарында, яғни төбесінде 2004 ж.т., жасөспірімнің алкогольдік ішімдік ішкен күйде екені байқалып, мас болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыратын сараптамаға жеткізілді.

Сараптама қорытындысымен жасөспірімнің масаң күйде болғаны дәлелденіп, оның ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 2-бөлімімен (Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жасөспірім баламен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Ювеналды полиция инспекторларымен 17 жастағы баланың тәртібі ерекше бақылауға алатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру