Атырауда Ұлттық ұлан арнайы жасағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 150-ден астам күдіктіні ұстаған
Атырауда Ұлттық ұлан арнайы жасағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 150-ден астам күдіктіні ұстаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ел аумағында төтенше жағдай жарияланғалы бері құқық қорғау органдары күшейтілген режимде қызмет етуде.
Қауырт қызметте қырағылық танытып жүрген Атырау облысындағы Ұлттық ұлан арнайы жасағының қызметкерлері де 100% қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмылдырылған.
Арнайы жасақ қызметкерлері Атырау облысы бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 150-ден астам күдіктіні анықтап, ұстаған. Олардан тәркіленген заттар арасында аңшы пышақтары мен тапанша сынды суық қару-жарақтар да бар.