Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ұрлықтың 15 дерегіне қатысы бар күдікті құрықталды

Атырауда ұрлықтың 15 дерегіне қатысы бар күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қалалық Полиция басқармасының жедел уәкілдері ұрлықтың 15 дерегіне қатысы бар 25 жастағы ер адамды құрықтады. Күдікті қала аумағындағы әртүрлі тұрғын үйлердің дәлізінен 7 велосипед ұрлаған. Бұдан басқа ер адам спорт кешендері, мейрамхана, тіпті мешіт ішіне еркін кіріп, 8 телефонды қолды еткен.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындады.

– Маңғыстау облысының 25 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ оның облыс аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Айғақ заттар иелеріне қайтарылды, – дейді Атырау қаласы Полиция басқармасы №1 қалалық полиция бөлімінің жедел уәкілі Ербол Сигуатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру