Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақсу тұрғыны дүкеннен екі қымбат виски ұрлаған

Ақсу тұрғыны дүкеннен екі қымбат виски ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсу қаласы полиция бөліміне ЖШС директоры келіп, Камзин көшесінде орналасқан сауда орталығында ер адам оны ешкім бақыламайтынын пайдаланып, Jameson элиталық вискидің екі бөтелкесін ұрлап кеткенін мәлімдеді.

Ұрланған алкогольдің жалпы құны 20 мың теңгеден асады.

– Полиция 38 жастағы күдіктіні ұстады. Оған қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 187-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының м.а. Асқар Сабабаев.

Қазір полицейлер ұсталған адамның аймақ аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру