Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда заңсыз жүрген Ауғанстан және Бангладеш азаматтары ұсталды

Атырауда заңсыз жүрген Ауғанстан және Бангладеш елінің азаматтары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, жедел іс-шара барысында заңсыз жүрген Ауғанстан және Бангладеш Республикасының 6 азаматын анықтады.

Шетел азаматтары 2023 жылдың қазан, желтоқсан айлары аралығында Қазақстан аумағына сауда-саттық, маркетинг бағытында Алматы және Қостанай қалаларына жұмыс барысымен келген. Алайда елде жүру мерзімі аяқталғанына қарамастан, ел аумағынан шықпай жүрген.

4 шетелдікке қатысты сот шешімімен айыппұл салынды, ал екеуінің визасы жарамсыз деп танылды. Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған барлық шетелдікке Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге шығу визалары берілді. Енді олар Қазақстан шекарасынан 15 күннің ішінде тысқары кетуі керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру