Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы өткен жылы жасөспірімдерге 6 мың профилактикалық дәріс оқыды

Алматы полициясы өткен жылы жасөспірімдерге 6 мың профилактикалық дәріс оқыды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаланың полицейлері қылмыстың алдын алуға, кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алуға бағытталған ұйымдастыру-тәжірибелік шаралар кешенін жүргізіп жатыр.

– Профилактиканың тиімді нысандарының бірі – жалпы білім беру ұйымдарының қатысушыларымен дәрістер, әңгімелер, жетекшілік кездесулер өткізу алгоритмі бойынша олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, өз-өзіне қол жұмсаудың, ерте жүктіліктің алдын алу, балаларға қоғамдық орындарда, көшелерде өзін қауіпсіз ұстау, сондай-ақ ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру мақсатында жүзеге асады. Өткен жылы қаладағы білім беру ұйымдарында құқықтық тақырыпта 6 мыңнан астам дәріс оқылды, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Жақында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың және қоғамның қатысуымен жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп, нәтижесінде 1593 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 48 жасөспірім және 51 қолайсыз отбасы есепке алынды. Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына 54 кәмелетке толмаған жасөспірім жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру