Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында заңсыз жүрген шетел азаматтары анықталды

Қарағанды облысында заңсыз жүрген шетел азаматтары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысында жыл басынан бастап полиция қызметкерлері елімізге келу заңын бұзған 370 шетелдіктерді және оларды жұмысқа тартқан 45 жұмыс берушіні анықтады. Шетелдіктердің көбісі құрылыс алаңдарында, көлік жөндеу, жиһаз жасау орындарында, шаштараз, дәмханаларда және дүкендерде жұмыс істеген. Шетелдіктіктерді елден шығаруға немқұрайлы қарап, оларға жатын орын берген 21 Қазақстан азаматы жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау мақсатында құрылған мобильдік топ қызмектерлерімен қаламыздағы тұрғын үй кешендерінің бірінде заңсыз жұмыс жасап жатқан 9 шетел азаматы анықталды. Құқық бұзушылар мен оларға жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар Қарағанды облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен Алматы қаласында сот шешімін орындамай жүрген 37 жастағы жақын шетел азаматына қатысты кешенді іздестіру іс-шарасы жүргізілді. Ол азаматты полиция қызметкерлері анықтап, Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды.

– Көші-қон полиция қызметі азаматтарға ескертеді. Заңсыз жүрген шетел азаматын жұмысқа тарту бойынша әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес 2 584 400 теңге әкімшілік айыппұл немесе 200 сағат қоғамдық жұмысқа тарту не болмаса 50 тәулікке қамауға алу жазасы көзделетінін еске салады. Ал заңсыз жүрген шетел азаматтары елден шығарылады, – деді көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Арман Уалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру