Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда түнде қоқыс төккен тұрғын камераға түсіп қалды

Қарағандыда ірі көлемді тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерге төккен тұрғын анықталды. Құқық бұзушылық бейнебақылау камераларына түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаланың Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері абаттандыру қағидаларын бұзу дерегін анықтады.

Түнгі уақытта 32 жастағы қала тұрғыны ірі көлемді қоқысты арнайы белгіленбеген жерге төгіп кеткен. Алайда ол қараңғы сәтті пайдаланып, әрекетін ешкім байқамайды деп ойлағанымен, бейнебақылау камераларын ескермеген. Камера жазбаларын зерделеу арқылы полицейлер құқық бұзушыны жедел анықтады.

Аталған азаматқа қатысты заң аясында шара қолданылды. Сонымен қатар төгілген қоқысты өз күшімен және өз қаражаты есебінен арнайы полигонға шығару міндеттелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру