Маскүнем ойын баласына тиісіп, сексуалдық ойын жүзеге асырмақ болған
Атырау көшелерінің бірінде балаға тиісіп, сексуалдық ойын жүзеге асырмақ болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 6 тамыз күні сағат 19.45 шамасында Көктем ықшам ауданындағы азық-түлік дүкенінің қасында болған.Хабар алған бойда оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, тергеу абақтысына қамауға алды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР ҚК 121-бабына сәйкес жүргізіліп жатыр.