Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келесте той жасаған тұрғындар жауапқа тартылды

Келес аудандық полицейлері карантин кезінде қонақ шақырып, той жасаған тұрғындарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес ауданының полицейлері Абай ауылындағы жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде 50-ге жуық туыстарын жинап, “қыз ұзату” тойын өткізіп жатыр деген хабарлама алысымен мобильдік топпен тез арада көрсетілген мекен-жайға жетіп, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде той тоқтатылып, той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзубойынша хаттама толтырылған. ​​​​​​Ауданда осыған ұқсас тағы бір жайт Біртілек ауылында тіркелді. Онда жергілікті тұрғын карантин режиміне қарамастан өз үйіне 30-ға жуық адам жинап, келін түсіріп, “беташар” тойын өткізген.

Той иесіне қатысты заңға сәйкес әкімшілік шара көрілді. ​​​​​​​​Карантиндік шаралар енгізілгеннен бері Келес ауданының полицейлері рейдтік және профилактикалық іс-шаралар барысында 93 құқықбұзушылықты анықтады, оның ішінде екі жайты үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыру. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу” бойынша Келес ауданында анықталып, жинақталған материалдар тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберіліп, 49 құқықбұзушы азаматқа қатысты іс қаралып, оларға 2 миллионға жуық айыппұл салынған. ​​​​​​Келес аудандық полицейлері Covid-19 коронавирустық инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне орай карантиндік режимнің сақталуын бақылау бойынша іс-шаралар жүргізуді жалғастыруда. Мобильді топтар азаматтардың, сауда және ойын-сауық орындарының, дүкендер мен базарлардың иелерімен, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде және көшелерде карантин мен өзін-өзі оқшаулау режимінің сақталуын тексеруде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру