Атырауда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жиын өткізілді
Атырауда мектеп басшыларының қатысуымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жиын өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz
13 қазан күні №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектепте білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау мақсатында жиын өткізілді. Жиынға Атырау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаев қатысты.
Жиын барысында мектеп басшыларына қазіргі уақытта жалпы қоғамдық орындарда, мектеп қабырғаларында жиі орын алатын жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық түрлеріне сипаттама беріліп, нақты деректер келтіріліп, олар үшін жауапкершілікке тарту және алдын алу жолдары туралы ақпараттар берілді.
– Жыл басынан бері кәмелетке толмағандармен 33 қылмыс жасалса, кәмелетке толмағандарға қарсы 72 қылмыс тіркелген. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмысқа талдау жасайтын болсақ, Атырау қаласында барлығы 15 қылмыстық іс тіркеліп, тергелуде. Білім беру ұйымдары тарапынан құқық қорғау орган қызметкерлеріне дер кезінде ақпарат келсе, әр факті бойынша уақытылы шешім шығаруға дайынбыз, – деді Атырау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаев.