Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ұрланған көлікті елордадан тапты

Ақмола полицейлері ұрланған көлікті елордадан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Целиноград полиция бөліміне ұрлық туралы өтініш 11 қазанда келіп түсті. Ұрланған ВАЗ-2109 көлігінің иесі кешкі уақытта үйінің ауласына шығып, темір тұлпарының жоқ екенін көрген. Тұтану кілті автокөліктің салонында қалғандықтан, ұрыға қылмыс жасау қиын болған жоқ.

Автокөлік иесінен егжей-тегжейлі сұхбат алып, жеңіл көліктің сыртқы сипаттамаларын жазып алғаннан кейін, жедел уәкілдер көршілес полиция департаментінің аумақтық бөлімшелеріне бағдар таратты.

Сол күні жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрланған автокөлік Астанадан табылды.

27 жастағы күдікті Нұрлы ауылының тұрғыны болып шықты. Ұсталғанның тонау жасағаны үшін соттылығы бар.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы (Айдап әкету) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тергеу шеңберінде полицейлер қылмыс жасау себебін және өзге де мән-жайларды белгілейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру