Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда Жастар ресурстық орталығының мамандары сотталғандармен кездесті

Атырауда Жастар ресурстық орталығының мамандары сотталғандармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырушылық бөлімінің басшысы Акыл Магданов, аналитика бөлімінің маманы Усенгалиев Ильяс және ұйымдастырушылық бөлімінің маманы Хақназар Мақсот Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің УГ-157/9 мемекемесінде жазатын өтеп жатқан сотталғандармен кездесті.

Іс-шаранын мақсаты – жазасын өтеуші сотталғандарды назардан тыс қалдырмай, мекемеден босап шыққан жағдайда қоғамға тез бейімделуіне көмек беру. Кездесу барысында мамандар мемлекеттің жастарды қолдау мақсатында көптеген игі шара ұйымдастырылып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, «Жастар жылы» бағдарламасына сай шағын және орта бизнесті қолдау аясында ерікті әрбір жас азамат өзінің бизнес жоспарын кез келген уақытта ұсына алатынын айтылды. Шара барысында сотталған азаматтар арасында анонимді жазбаша тест өткізілді, сонымен бірге алдағы мамыр айында УГ-157/9 мекемесінде сотталған азаматтар арасында «Салауатты өмір салтын сақтау» спорттық іс-шаралар ұйымдастырылатынын, нәтижесінде сотталғандарға қажетті тұрмыстық сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталатынын жеткізді.

Қазіргі уақытта сотталғандар тарапынан спорттық іс-шараға дайындық жұмыстары басталды. Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының мамандары алдағы уақытта УГ-157/9 мекемесінің тәрбие бөлімінің қызметкерлерімен бірігіп, сотталған азаматтар мен жиі кездесіп тұруға уағдаласты.

Шара соңында сотталғандар өздерінің алғысын білдіріп, болашақта Жастар ресурстық орталығының мамандарына жүгінетіндерін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру