Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері оқушылармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кездесу өткізді

Шымкент полицейлері оқушылармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық – ең өзекті мәселелердің бірі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына әсер етуі мүмкін. Әсіресе, аталған мәселе пандемия кезінде ушыққаны анық, бұл уақытта көптеген жасөспірімдер отбасылық жанжалдарға куә болған.

Осыған байланысты Абай ауданының Полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары қаланың орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында “Зорлық-зомбылықсыз отбасы” тақырыбында түсіндіру сабағын өткізді.

Іс-шара барысында балаларға отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және олардың заңды құқықтары бойынша түсіндірілді. Полицейлер оқушыларға мұндай жағдайларда олар әрдайым мектеп психологына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға жүгіне алатындығын еске салды. Айта кету керек, қаладағы әр мектепке ювеналды полиция инспекторлары бекітілген, олар жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен оқушылар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында оқу орындарында күн сайын кезекшілік етеді.

Кездесу соңында полицейлер балаларға отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған іс-қимыл алгоритмі жазылған ақпараттық парақшалар таратты. Полиция қызметкерлері оқушыларды тәртіпті болуға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға шақырды. Мұғалімдер өз кезегінде қонақтарға балаларды құқықтық ақпараттандырғаны үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру