Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда тыйым салынған уақытта алкоголь өнімін сатқан дүкен анықталды

Павлодарда тыйым салынған уақытта алкоголь өнімін сатқан дүкен анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері алкоголь заңнамасын бұзудың алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

– Мысалы, 13 сәуірде кезекті рейд кезінде павлодарлық полицейлер Бұқар Жырау көшесіндегі дүкен сатушысының спирттік өнімді, атап айтқанда белгіленбеген уақытта көлемі 0,5 литр болатын бір бөтелке арақ сату фактісін анықтады. Аталған факті бойынша дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 200-бабының 3-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады Орталық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Мақсат Сарин.

Алкогольге қарсы заңнаманы бұзуға жол бермеу бойынша мұндай рейдтер үнемі өткізіліп тұратынын атап өткен жөн.

Жыл басынан бері Павлодар облысының 41 жеке кәсіпкері спиртті ішімдікті сағат 21.00-ден кейін сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері алкоголь және құрамында спирті бар өнімдерді заңсыз сатқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру