Атырауда жазасын өтеп жатқан сотталғандар жақындарына алғыстарын білдірді
Атырауда тергеу изоляторының шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар «Алғыс айту» күнін атап өтті, олар Skype арқылы ата-аналарына, туған-туыстарына өз алғыстарын жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі сатқаны үшін сотталған азамат өзінің 60-тан асқан анасына Skype арқылы бейнеқоңырау шалып, кешірім сұрап, қиын-қыстау кезеңде қасында болғаны үшін алғысын білдірді.
– Сіз мені тоғыз ай құрсағыңызда көтеріп, өмір бойы жүрегіңізде сақтап келесіз. Шалыс бассам да, апта сайын түрмеге бар тәттіңізді алып келесіз. Тіпті түрмеге дейін жаяу келген кездеріңіз де болды. Сол үшін сізге алғысым шексіз. Бұл жерден шыққаннан кейін сіздің жаныңызда болып, қолымнан келген бар жақсылығымды сізге арнаймын, – деді ол.
Ұлының сөздерін естіген анасы көз жасына ерік беріп, ұлын кешіргенін айтып, оның тезірек бостандыққа шығуын тіледі.
Ұрлық жасағаны үшін сотталған азамат өзінің жарына қоңырау шалып, қиын-қыстау кезде тастап кетпегені үшін алғысын білдірді.
– Әрқашан сенің қасында боламын. Жұма сайын палауымды апарып тұрамын. Саған тұрмысқа шыққанда екеуміз бір бүтін болып, сенің қиындықтарыңды бірге көтерісуге ант еттім. Балалаларымыз сені кен орнына жұмысқа кетті деп ойлап жүр. Сол себепті тәртіпті болып, үйге тезірек орал, қымбаттым, – деді оған жары Маргарита.