Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шиеліде ауыл ақсақалдары пробация есебіне қойылған азаматтармен кездесті

Шиелі аудандық пробация қызметі есепте тұрған тұлғалардың қайтадан қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында жан-жақты ауқымды жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы тұрғыда аудандық пробация қызметі шалғай елді мекендерде, ауылдық жерлерде тұратын сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкімінің, учаскелік полиция инспекторының, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағаларының қатысуымен жиындар өткізуді бастады.

Осындай жиын Шиелі ауданының Ә.Тәжібаев ауылында өтті. Бұл ауылдың алты тұрғыны қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталып, аудандық пробация қызметінің есебіне алынған. Аталған азаматтармен кездесуге шақырылған ауыл әкімі Ә.Сәрсенбаев, ақасақалдар кеңесінің төрағасы Х.Тұрсынбек және аудандық пробация қызметінің бастығы Қ.Байгенжеев тәрбиелік мәні бар әңгімелер  айтты.

Кездесуге келген сотталған азаматтар өздерінің қылмыс жасағанына өкінетіндіктерін жеткізді.

– Осындай іс-шараны алдағы уақытта барлық ауылдарда өткізу жоспарланып отыр. Ауыл ақсақалдарымен кездесу олардың қайтадан қылмысқа жол бермеуіне септігін тигізеді, – деді аудандық пробация қызметінің  аға инспекторы Б.Сүлейменов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру