Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер автокөлік ұрлығын ашты

Қызылорда облысында бөтен біреудің көлігін заңсыз иемденген қаскүнем құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 ақпанда Қызылорда облысы ПД Шиелі аудандық полиция бөлімінің Еңбекші ауылының учаскелік полиция инспекторына ауыл тұрғыны “Ваз-2107” автокөлігінің ұрланғандығы туралы хабарлаған.

Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері ұрының автокөлікті түнде арызданушының үйінің ауласына еркін кіру жолымен айдап әкеткенін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде автокөлік көрші ауданнан табылды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұрын сотты болған 37 жастағы аудан тұрғыны болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру