Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жүк көліктеріне заңсыз топырақ тиеген 2 тұрғынға айыппұл салынды

Атырауда заңсыз карьер қазған қала тұрғындары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 сәуір күні сағат 01:15 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторларымен Береке ауылы, Жайық өзені жағалауында қараусыз қалған егіндік орнынан “Камаз” маркалы ауыр жүк автокөлігінің және “JVC” маркалы трактор автокөлігінің 29 және 45 жастағы жүргізушілері заңсыз жолмен топырақ тиеп жатқан жерінен анықталды. 

Одан басқа, аталған азаматтардың бір күн бұрын да осы жерден заңсыз түрде карьер қазғандығы белгілі болды.

Аталған оқиға бойынша жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Атырау облысы бойынша Экология департаментіне жолданды.

Патрульдік полиция қызметкерлері тексеріс кезінде «КамАЗ» және «Трактор» жүргізушілерінің тарапынан заң бұзушылықтарды анықтап, 1992 жылы туған «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігімен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу), ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігімен (Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау), әкімшілік хаттамалар толтырылды. Трактордың 1976 жылы туған жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігімен (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару) әкімшілік хаттамалар толтырылып, барлығы 79 925 теңге көлемінде айыппұл салынды.

– Бұл бағыттағы жұмыстар Атырау қаласы Полиция басқармасы және Экология департаменті қызметкерлерімен күнделікті бақылауда, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру